«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – cайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің комиссия құрамынан шығарылуына байланысты, олардың орнына үміткерлерді ұсыну жұмысының басталғандығы туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес округтік және учаскелік сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 23 қаңтарынан бастап 6 ақпанға дейін, Сауран аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысанын Сауран аудандық мәслихаты аппаратынан алуға болады. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабының 2-1.тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс:
- сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Барлық сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды 2026 жылдың 6 ақпанына дейін дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Сауран аудандық мәслихаты
Байсбаев Сержан Ермекбаевич – Сауран аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі, 30 үй.
Жауапты: Сейтханов Махсат Мустапаевич – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, ұялы тел: 87757808489, электрондық почта: m.seitkhanov@ontustik.gov.kz
|
Округтік сайлау комиссиясы |
||||
|
№ |
Сайлау округінің нөмірі |
Округтік сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
|
1. |
№5 |
Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған ауылы, Бабай батыр көшесі №46, Сауран ауданының білім бөлімінің «Бабайқорған жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 адам |
|
|
2. |
№10 |
Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылы, Мираим Қары көшесі №1, Сауран ауданының білім бөлімінің «Қарашық жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 адам |
|
|
|
|
Барлығы: |
2 адам |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
||||
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Учаскелік сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
|
1. |
№76 |
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Шыпан ауылы, Байқоңыр көшесі №18, «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 адам |
|
|
2. |
№80 |
Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі ауылы, А.Жангелдин көшесі №19, «М.Балақаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 адам |
|
|
3. |
№92 |
Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылы, Мектеп көшесі №4, «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 адам |
|
|
|
|
Барлығы: |
3 адам |
|