Сауран аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№_186_ «_07_»____11___ 2024 жыл
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезектен тыс жиырма төртінші
сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №100 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы №151 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 тамыздағы №170 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Сауран ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев