САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

 

САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – cайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің комиссия құрамынан шығарылуына байланысты, олардың орнына үміткерлерді ұсыну жұмысының басталғандығы туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес округтік сайлау комиссиясын сайлайды.    

 Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 30 шілдесінен бастап 2026 жылғы 14 тамызға дейін, Сауран аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • Тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;
  • Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;
  • Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық және Наркологиялық ұйымнан анықтама.

Өтініштің нысанын Сауран аудандық мәслихаты аппаратынан алуға болады. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабының 2-1.тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс:

- сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

- сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі ұсыныстарды 2026 жылдың 14 тамызына дейін дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Сауран аудандық мәслихаты

 

Байсбаев Сержан Ермекбаевич – Сауран аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі, 30 үй. 

Жауапты: Тасбулатов Азамат Адилбекұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы, ұялы тел: 87479904302, электрондық почта: a.tasbulatov@ontustik.gov.kz

 

 

Округтік сайлау комиссиясы

№

Сайлау округінің нөмірі

Округтік сайлау комиссиясы орналасқан

мекен-жайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

1.

№8

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі №2, «Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2 адам

 

 

 

Барлығы:

2 адам

 

 

Дата публикации
29 июля 2026