Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №191 «Сауран ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сауран аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

№_333_                                                                    «_22_» ____05___ 2026 жыл

 

 

Сауран аудандық мәслихатының

2023 жылғы 17 қаңтардағы №191

«Сауран ауданының округтік

сайлау комиссияларының  

мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының          7-1) тармақшасына және Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Казихановтың 2026 жылғы 30 сәуірдегі №37 ұсыныс хатына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №191 «Сауран ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Сауран ауданының округтік сайлау комиссиясынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:

№3 округтік сайлау комиссиясы, орналасқан жері: Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылы, Д.Қонаев көшесі №40, «А.Үсенов атындағы жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Аманжолов Касым Салыбаевич - жеке кәсіпкер, «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі;

№13 округтік сайлау комиссиясы, орналасқан жері: Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Шолпан көшесі №3, «№25 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Нурметов Бахритдин - зейнеткер, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілі;

№13 округтік сайлау комиссиясы, орналасқан жері: Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Шолпан көшесі №3, «№25 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Атаев Мирзахмад Ринатович - Ескі Иқан ауылдық ветеринария бекетінің мал дәрігері, «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     С.Байсбаев

Дата публикации
03 июня 2026