«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 5 қазаннан 2026 жылғы 19 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 19 қазанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
Сәтбаев қалалық мәслихаты
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың төрағасы – Балмағамбетов Қайрат Маратұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: maslihat.satpaev@mail.ru
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Округтік сайлау комиссиялары:
|
№ |
Номер |
Местонахождение |
Количество вакансий членов избирательной комиссии |
|
1. |
№2 |
«№ 27 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
2. |
№3 |
«Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
3. |
№4 |
«Сәтбаев индустриалдық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
4. |
№7 |
«Гүлдер» бөбекжай- балабақшасы» КҚМК коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
|
5. |
№11 |
«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиялары:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
1. |
№40 |
Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
2. |
№60 |
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
1 |
Сәтбаев қалалық мәслихатының
төрағасы Қ.Балмағамбетов
VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
төрағасының шешімі
Сәтбаев қаласы № 41 2026 жылғы 17 қыркүйек
Қалалық мәслихаттың 41-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
Күн тәртібіне сәйкес депутаттар қала әкімінің лауазымына кандидатураны келісу мәселесін қарады. Облыс әкімінің ұсынысы негізінде депутаттар Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұловтың Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді. Сондай-ақ сессия барысында қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою және қала әкімдігінің дербес құрамын келісу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жаңа өрт сөндіру бөлімі ағымдағы жылдың сәуір айында пайдалануға берілген. Жұмыс сапары барысында депутаттар бөлімшенің материалдық-техникалық базасымен, өрт сөндірушілердің қызметтік жағдайымен және техникалардың дайындығымен танысты. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бөлімшеде жұмыс және оқу бөлмелері, диспетчерлік пункт, өрт сөндіру техникаларына арналған бокстар, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, сондай-ақ жеке құрамды даярлауға арналған арнайы оқу-жаттығу аймақтары қарастырылған. Депутаттар жаңа бөлімшенің жұмысы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, құтқару қызметінің тиімділігін арттыруға және шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
төрағасының шешімі
Сәтбаев қаласы № 40 2026 жылғы 14 қыркүйек
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 40-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 8 қыркүйектен 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
Сәтбаев қалалық мәслихаты
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың төрағасы – Балмағамбетов Қайрат Маратұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: maslihat.satpaev@mail.ru
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Учаскелік сайлау комиссиялары:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
1. |
№37 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№14 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
2. |
№49 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 25 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
Сәтбаев қалалық мәслихатының
төрағасы Қ.Балмагамбетов
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 20 тамызда сағат 15:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының орындалуын бақылау мақсатында депутаттар жылу энергетикалық кәсіпорнына кезекті рет барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен және көлемімен танысты. Кәсіпорын техникалық инженері С.М. Қожабаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта қазандық агрегаттарының сыртқы бөлігін тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар белкітілген кестеден озық орындалуда. 25 тамызға бірінші қазандық агрегатына гидравликалық сынақ жүргізу жоспарланған. Тамыз айының соңына дейін үш қазандық агрегатын толық дайындыққа келтіру көзделіп отыр. Сонымен қатар отын-көлік цехында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда көмір қоры 122 775 тоннаны құрайды. Бұл кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті отын қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарының толық циклін 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Депутаттар тарапынан жылыту маусымына дайындық жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуі тұрақты бақылауда болады.
Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов, депутаттар Ғ.Нұрпейсов, Г.Жаппасова және Ш.Жанғаскинова қаламыздағы әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысына бақылау жүргізді. Облыстық фтизиопульмонология орталығында бекітілген жаңғырту жоспарына сәйкес үш кезеңді күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. «КазЕвроСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі кезеңдерін аяқтап, қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін мониторингтік топ №7 жалпы білім беретін мектеп аумағында Ұлытау облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынып жатқан жаңа заманауи спорт залының құрылысымен танысты. «Өркен» ЖШС мердігерлік ұйымы қазіргі таңда екі қабатты ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Нысанды пайдалануға беру келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Депутаттық бақылау барысында құрылыс жұмыстарының қарқыны, орындалу сапасы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы мәселелері жан-жақты талқыланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 3 тамыздан 2026 жылғы 18 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 тамызға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
Сәтбаев қалалық мәслихаты
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың төрағасы – Балмағамбетов Қайрат Маратұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: maslihat.satpaev@mail.ru
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Учаскелік сайлау комиссиялары:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
1. |
№47 |
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
|
2. |
№48 |
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамытубөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |