«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы 38 сессиясының № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

 

Сәтбаев қаласы                                             № 250                                 2026 жылғы 20 ақпан

 

«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы 38 сессиясының № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының  сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы 2025 жылғы 16 қазандағы № 10 және 2026 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімдері негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 257 шешіміне осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

  1.  

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2026