Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 22 112 452 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 15 568 428 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 127 635 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 236 096 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 6 180 293 мың теңге;

  • шығындар – 23000 749 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 888 297 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –  888 297 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 443 518 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 2 331 815 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

 

                                     

Дата публикации
02 марта 2026