Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2025 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі

2025 жылы құралған Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесінің 3 құрамы өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізді. Есепті кезеңде кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

- Сәтбаев қаласының мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы;

- «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ басшысының «2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» есебі;

- «Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының «Сәт Тазалық» мекемесінің жұмысы туралы;

-   Сәтбаев қаласының бюджеті туралы; 

- Сәтбаев қаласы әкімдігі мен оған қарасты мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

Отырысқа дайындық барысында қоғамдық кеңеспен мемлекеттік мекемелерде, орталықтарда көшпелі жұмыстар ұйымдастырылды, онда көрсетілетін қызметтермен,  жоспарланған ісшаралардың жүзеге асырылумен танысты. Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді.

Қоғамдық бақылау нысандарының бірі - қоғамдық сараптама жүргізу, қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 22 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 12 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды.

Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының есебін тыңдайды. Ағымдағы жылы келесі мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың есебі туралы; «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі» ММ басшысының «2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі; «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасының орындалу туралы» «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының есебі; «Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту туралы» «Сәтбаев қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының есебі, сондай-ақ отырыстарда бөлімдермен мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы туралы сұрақтар қаралды. Есептерді қарау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленіп, мемлекеттік органдармен орындауға қабылданды.

Тұрақты  бақылау Қоғамдық кеңестің 3 комиссияларымен жүргізілді: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия; әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі комиссия; коммуналдық сала мәселелері жөніндегі  комиссия.

Есепті кезенде кеңес мүшелері Сәтбаев қаласы бойынша бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларды бақылау жөніндегі мониторингтік топтың құрамында болып, қалалық мәслихат депутаттарымен бірге автомобиль жолдарын орташа жөндеуіне; Сәтбаев қаласында абаттандыру бағдарламаларының  орындалуына (экобақылау- балалар алаңын орнату, скверлерде орташа жөндеу жүргізу, жарықтандыру, санитария); жылыту маусымына дайындық барысына; қаладағы әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмысына бақылаулар жүргізді. Мониторинг кезінде туындаған сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкіміне жазбаша түрде жеткізілді. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері келесі қалалық комиссиялардың құрамына кіреді:

- көппәтерлі тұрғын үйдің төбелерін ағымдағы жөндеуден өткізу жөніндегі комиссия; (Н.С.Мейрамов)

- Сәтбаев қалалық коммуналдық тұрғын үй орнынан жалға берілген пәтерлерді түгендеу жүргізу бойынша комиссия (А.А.Жүгінісов, А.Л.Скальский)

- Сәтбаев қаласы аумағының кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру, сәулет құрылысы талаптары және жарнамаларды орналастыру қағидаларын сақтау бойынша мобильдік топ (А.А.Жүгінісов, Қ.Ә.Рахметов)

- сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлік комиссия (Қ.Ә.Рахметов)

Қоғамдық кеңес мүшелері облыс және қала әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне, көпшілік тыңдауларға, сенбіліктерге, қалалық ісшараларға белсенді қатысты.

Қоғамдық кеңеске кеп түскен өтініштер төрағамен  қарастырылып, тиісті мекемелерге хаттар мен ұсыныстар жолданылып, тұрғындарға ҚР Заңнамасы сәйкес түсініктемелер берілді.

Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ жарияланды, қалалық «Ақшам» телеарнасында есепті кезеңде 7 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 5 материал жарияланды. Сондай-ақ, ақпарат Сәтбаев қаласының мәслихатының интернет-ресурстарында және KazKenes сайтында орналастырылады, есепті кезеңде 25 материал орналастырылды, Facebook әлеуметтік желісінде 23 материал жарияланды.                     

 

Сәтбаев қаласы                         

қоғамдық кеңесіңің төрағасы                                                  Қ.Смайлов

Дата публикации
09 января 2026