Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
- кірістер – 21 769 457 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 15 568 428 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 115 635 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 136 096 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 5 949 298 мың теңге;
- шығындар – 20 325 939 мың теңге;
- таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
- бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
- бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 443 518 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 1 443 518 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
- 2026 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.
- 2026 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- Жергілікті атқарушы органның 2026 жылға арналған резерві 317 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов