Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 223 2025 жылғы 23 қыркүйек
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы 2025 жылғы 27 тамыздағы № 8 шешімі негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 87 шешіміне осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
Қалалық мәслихаттың
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
28-сессиясының № 223 шешіміне
1-қосымша
Учаскелік сайлау комиссиясының босаған
орнына сайланған мүшесінің
ТІЗІМІ
№ 56 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154
(«№ 16 жалпы білім беретін мектеп» КММ)
Хамзина Айнұр Қорғанбекқызы
Қалалық мәслихаттың
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
28-сессиясының № 223 шешіміне
2-қосымша
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылғандар
ТІЗІМІ
№ 56 учаскелік сайлау комиссиясынан:
Рахымжанова Әсел Әбдіманапқызы