Қоғамдық тыңдауларға қатысу


Кеңес мүшелері А.Жүгінісов және А.Скальский 17 шілдеде Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорнында жыл сайынғы есепке байланысты өткен қоғамдық тыңдауға қатысты. Тыңдауда келесі қызмет түрлері бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы қаралды:

- Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау,
- Су таратушы желілер арқылы сумен қамту,
- Ағынды суларды бұру және тазарту,
- Жезді кентіне магистральдық құбырлар арқылы су жеткізу.

Қоғамдық тыңдауға қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты мекеме өкілдері қатысты.

Дата публикации
21 июля 2025