2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

 

Сәтбаев қаласы                                             № 202                                 2025 жылғы 28 мамыр

 

2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде

 

         Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы және қала әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 14 777 216   мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 10 905 949,1  мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 114 680,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 124 374,1 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 3 632 212 мың теңге;

2) шығындар – 16 036 780,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – минус 1 259 564,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –            1 259 564,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 1 902 837 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 951 007 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 307 734,9 мың теңге.

Қаржы жылының басына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 3 987 867,7 мың теңге.

Есептегі мерзімнің соңына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары –         3 680 132,8 мың теңге.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 июня 2025