Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата»

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша
аналитикалық анықтама


                   Сәтбаев қаласы                                                                     2025 жылғы 25 сәуір

 

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ-де 2025 жылдың 10 сәуірі 21 сәуірі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің нормативтік құқықтық актілерінде және оның қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық тәуекелдерін
анықтау;

3) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектілері қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оларды орындау мерзімдерінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтардың алдын алудағы
шаралар.

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің нормативтік құқықтық актілерінде және оның қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2024 жылғы талдау «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатынын көрсетті. 2024 жылы қалалық мәслихатпен 85 шешім, 107 төрағаның өкімдері қабылданды. 2024 жылдың 12 айы ішінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен 10 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде және құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер  анықталмаған.  Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмаған.

  1. Мәслихат аппаратында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қалалық мәслихат төрағасының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 1/2-1 өкімімен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген.

 

Бюджеттік және қаржылық қаражатты әзірлеу және бөлу:

2024 жылға 81 620,0 мың теңге жылдық қаржыландыру жоспары бекітілді, оның ішінде 30 771,0 мың теңгесі еңбекақыға, 10 268,0 мың теңгесі әлеуметтік салық, өтемақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, МӘМС және іссапар шығындары, 100% игерілді.

Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу:

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жасасылған шарттың жалпы сомасы 26 302,85 мың теңгені құрады, оның ішінде:

тауарлар мен негізгі капиталды сатып алу – 20803,29 мың теңге сомасында;

жұмыстарды орындау бойынша қызметтер көрсету – 5499,56 мың теңге сомасында.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектілері қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ қазіргі уақытта штаттық саны 5 бірлік мемлекеттік қызметшілерді құрайды.

Бүгінгі күнге қалалық мәслихат төрағасының еңбек демалысын беру, іссапар және жазалау жөніндегі өкімдерді тіркеу журналында 37 өкім, жеке құрам бойынша – 18 өкім тіркелген. Өкімдерді есепке алу және тіркеу «Е-қызмет» электрондық жүйесінде қатар жүргізіледі.

2024 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметші жоқ.

Кадрлардың қозғалысы есепке алу «Е-қызмет» жүйесі арқылы  мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

Тоқсан сайын Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігінің Департаментіне мемлекеттік қызметшілердің саны туралы есеп өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер  анықталмаған.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оларды орындау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2024 жылы «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ құжатайналым 702 бірлікті құрайды (кіріс корреспонденция – 346 бірлік, шығыс корреспонденция – 348 бірлік). Соның ішінде өтініштер – 8 бірлік.

Аппаратқа заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер, арыздар уақытылы қаралады. Уақытылы жауап бермеу жағдайлары тіркелмеген. Есеп беру кезеңінде лауазымды тұлғалар заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қараудағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша өтініштер түскен жоқ. Жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

  1. Сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтардың алдын алудағы шаралар.

Қалалық мәслихатта жалпы құқықтық оқыту мектебі құрылған. Жалпы құқықтық оқыту бойынша 2024 – 2025 жылдарға оқу-тақырыптық жоспар әзірленіп бекітілген. Бекітілген жалпы құқықтық оқыту жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларды оқу көзделген: «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы», «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі туралы», «Ақпараттандыру туралы» және т.б.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 25 желтоқсанында қалалық мәслихаттың кезекті 22-сессиясында «Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы жөніндегі жұмыстар туралы» мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Жоспармен келесі іс-шараларды өткізу қарастырылған: аппарат кеңестерін өткізу, мемлекеттік органның интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі     жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2018 жылғы қаңтардан бастап), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) және т.б. 

Жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты, «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ қызметіне талдау нәтижесі бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қатаң сақтау ұсынылсын.
  2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстар белсендірілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыс қорытындысы мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау арқылы мемлекеттік органның ашықтығы қамтамасыз етілсін.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов



 

 

 

 

Дата публикации
22 мая 2025