Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 166 «2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 166 «2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 166 «2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 15 533 488 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 550 668 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 46 670 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 72 950 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 5 863 200 мың теңге;

  • шығындар – 13465 319 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 2 068 169 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 2 068 169 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2025