2025 жылғы 12 наурызда қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Қ.Смайловтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес 5 мәселе қаралды:
Сәтбаев қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімінің жобасымен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.М.Қожахметов таныстырды. Қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен ұсынымдар қабылданып, жоба пысықтауға қайтарылды. Күн тәртібінің келесі сұрағы бойынша «Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі» ММ-мен мемлекттік қызмет көрсету сапасы» туралы бөлім басшысы А.Мұхамбетали баяндады.
Сондай ақ кеңес мүшелерімен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің НҚА жобаларын тыңдалып, талқыланды.