Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2024 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі

 

Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің  2024 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі.

Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 11 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

 - Полиция органдарының «Қалада қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы» және «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңдылығын және сақталуын қамтамасыз ету» туралы

- «2024-2025 жылдарға арналған жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы»

- Сәтбаев қаласында денсаулық сақтау мәселелрі туралы

- Қаладағы діни ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды орындау туралы

- Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі туралы

Отырысқа дайындық барысында Қоғамдық кеңеспен көшпелі жұмыстар ұйымдастырылды: қаланың білім беру мекемелеріне, онда көрсетілетін қызметтермен, мектептердің жабдықтарымен танысты; дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-консультациялық орталығна; полиция бөлімінде болды.Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді.

Қоғамдық бақылау нысандарының бірі - қоғамдық сараптама жүргізу, қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 26 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 10 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды.

Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының есебін тыңдайды. Ағымдағы жылы келесі мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды: «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының «Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» есебі; «Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қорын сақтау және тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу жөніндегі жұмысы туралы; «Сәтбаев қаласының автомобиль жолдарының жай-күйі, күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу туралы» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ, АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының есебі; «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының  есебі, сондай-ақ отырыстарда бөлімдермен мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы туралы сұрақтар қаралды.

Есептерді қарау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленіп, мемлекеттік органдармен орындауға қабылданды.

Тұрақты  бақылау Қоғамдық кеңестің 3 комиссияларымен жүргізілді: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия; әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі комиссия; коммуналдық сала мәселелері жөніндегі  комиссия.

Мониторинг кезінде туындаған сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкіміне жазбаша түрде жеткізіледі. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері келесі қалалық комиссиялардың құрамына кіреді:

- бюжеттік комиссия (С.С.Имамбай)

- жер қатынастары жөніндегі комиссия (Ғ.Б.Нұрпейісов)

- экология жөніндегі комиссия (Ғ.Б.Нұрпейісов)

- көппәтерлі тұрғын үйдің төбелерін ағымдағы жөндеуден өткізу жөніндегі комиссия; (С.С.Имамбай)

- есепке алу құрылғыларын тексеру бойынша комиссия (Ө.Б.Құдаспаев, Ә.Т.Әбдірашев, А.Қ.Құрақбай, Ө.Е.Бәкенов)

- комиссия для определения адресов по установке детских игровых площадок, футбольных, комбинированных спортивных полей и тренажерных комплексов (А.М.Тұрлұбек, Ұ.Е.Қапарова).

Қоғамдық кеңес мүшелері облыс және қала әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне, қалалық ісшараларға белсенді қатысады.

Қоғамдық кеңеске кеп түскен өтініштер төрағамен  қарастырылып, тиісті мекемелерге хаттар мен ұсыныстар жолданылып, тұрғындарға ҚР Заңнамасы сәйкес түсініктемелер берілді.

Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ жарияланады, қалалық «Ақшам» телеарнасында есепті кезеңде 6 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 4 материал жарияланды. Сондай-ақ, ақпарат Сәтбаев қаласының мәслихаты мен әкімдігінің интернет-ресурстарында және KazKenes сайтында орналастырылады, есепті кезеңде 19 материал орналастырылды, Facebook әлеуметтік желісінде 15 материал жарияланды.                          

 

 

Сәтбаев қаласы                         

Қоғамдық кеңесіңің төрағасы                                                  С.Имамбай

 

Дата публикации
22 января 2025