2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 – 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  • кірістер – 15 204 195 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 921 375 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 46 670 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 72 950 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 5 163 200 мың теңге;

  • шығындар – 13 136 026 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 2 068 169 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 еңге;

қарыздарды өтеу – 2 068 169 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1) жеке табыс салығы бойынша:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 75 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша – 75 пайыз.

  1. 2025 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 2 572 244 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органның 2025 жылға арналған резерві 160 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 января 2025