Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 13 514 831 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 940 860 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 82 471 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 111 246 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 3 380 254 мың теңге;

  • шығындар – 17701 774 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 6 088 957 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 6 088 957 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 1 902 837 теңге;

қарыздарды өтеу – 951 007 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 235 113 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

                                     

 

Дата публикации
21 января 2025