Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 12 999 382 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 553 610 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 45 427 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 88 976 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша –   3 311 369 мың теңге;

  • шығындар –18 429 499 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 7 332 131 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 7 332 131 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 2 393 896 теңге;

қарыздарды өтеу – 951 007  мың теңге;

 

 

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 987 228 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

Дата публикации
21 января 2025