ДЕПУТАТ КҮНДЕЛІГІ: №11 сайлау округінің тұрғындарымен кездесу

15 қарашада өз сайлау округіме қарасты Абай көшесі 14,16,22 үйлердің тұрғындарымен кездесу өткіздім. Тұрғындар негізінен үйді күтіп ұстау және жылу беру мәселелерін көтерді. Кездесуге қатысқан қала әкімінің орынбасары А.С.Сыздыманов және бұл үйлерге қызмет көрсетуші «Сүйікті қала» ЖШС мамандары тиісті түсініктемелер беріп, тұрғындармен бірге орын алған кемшіліктерді жою жолдарын қарастырдық. 16-үй тұрғындары жылдар бойы жертөледегі жылу беру жүйесі жөндеуден өтпегендігін, қазан айында  пәтерлерге дұрыс жылу берілмегендігін, пәтерлердегі жылу температурасының төмендігін алға тартты. 1-ден 5-қабатқа дейінгі пәтерлерді аралағанымызда құбыр бойынша жылу беріліп тұрғандығы, алайда кейбір пәтерлердегі радиаторлар мен тұрбалардың жөндеуді қажет ететіндігі анықталды, бұл жылу температурасын төмендететіндігі анық. Қызмет көрсетуші ұйымның учаске бастығы Ө.М.Ескендіровке тұрғын үйді күтіп ұстау  міндеттемелерін тиісінше орындау жөнінде ескерту айтылып, бақылауға алынды. Кездесу барысында сайлаушыларға қала бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет беріп, сұрақтарына жауап бердім. Кездесуге Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Ә.Д.Аяпбергенова қатысты.

 

 

 

 

Дата публикации
21 ноября 2024