«Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

 

Сәтбаев қаласы                                 № 156                         2024 жылғы 16 қазан

 

«Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/47 шешімімен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларына сәйкес және қала әкімінің 2024 жылғы 10 қазандағы ұсынысы негізінде Республика күніне орай Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағы берілсін:

1) «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ мүшесі, еңбек ардагері Байбатыров Ибадулла Әбішұлына белсенді қоғамдық қызметі және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін;

2) «Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Балмұханова Баянға өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында қызмет атқарған жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін.

3) мәдениет саласының ардагері Имамбаева Зояға көпжылдық адал қызметі және аймақтың рухани әлеуетін және мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін. 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

Дата публикации
18 октября 2024