Сәтбаев қаласының жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген) бекітілген Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
- Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы
|
|
К. Балмагамбетов
|