Сәрсенбінің сәтінде Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевпен жылу станциясының жөндеу жұмыстарын тексеріп қайттық, облыстық мәслихаттың төрағасы Б.Шыңғысовтың шешімі бойынша құрылған комиссияның мүшесі ретінде.Жөндеу жұмыстары 2ші және 3ші қазандықтарда жақсы жүріп жатыр,1ші,4ші қазандықтарға қаражат жетпеуінен жұмыстар тоқтап тұр деуге болады.Әкімнің өндірістен келгені көрініп тұр, М.Бөрібаев сол жерде трубалар сатып алатын қаражатты беруді бөлім басшыларына тапсырды.Кесте бойынша 30шы шілдеде келесі тексерісте көреміз.Е.Кравчук мен көтеріп жүрген көмір түсіргендегі шаңды басуға қандай амал жасап жатқанын айтты, яғни жел оңтүстіктен,батыстан болғанда көмір түсірілмейді,келесі жылы отын беретін кешенді толық жөндеуден өткізеді,жоспар бойынша,40жыл жұмыс істеп тұрған қазандықтың тозғандығы көрініп тұр.Алғашқы қадамын қазандықтан бастаған әкім Мұрат баламызға сәттілік тілеймін!.