ДЕПУТАТ КҮНДЕЛІГІ: аялдама орнатылады

Аялдама орнатылады

Әр тұрғын мәселесі ескерусіз қалмауы тиіс. Халық қалаулысы ретінде өзіме келіп түскен өтініштерге барынша жауап беруге, олардың орындалысын бақылауға алуды қолға алып отырамын. Жақын арада қаланың төменгі бөлігінде орналасқан МЖК ауданының тұрғындарынан өз аумақтарында қоғамдық көлік аялдайтын аялдаманың қажеттілігі айтылған болатын. Бұл мәселені де жауапты мекеме арқылы шешуді көздеп, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластым. Нәтижесінде аталған бөлімнің мамандары, нақтылап айтқанда ТҮКШ бөлімінің басшысы Әшім Мұхамедәлі, бөлімнің инспекторы Мейіржан Куржиков тікелей араласып аялдаманы орнату жұмыстары қолға алынды. Бүгінде аялдама орыны анықталып, орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар сұранысы осылайша көп ұзамай өз шешімін таппақ.

 

Дата публикации
27 июня 2024