ДЕПУТАТ КҮНДЕЛІГІ: №3 сайлау округіндегі жұмыстар

Қала тұрғындарының сұранысы

Кезекті рет өз округыма қарасты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан 74 орам тұрғындары тарапынан өтініш келіп түскен болатын. Өтініште Молдағұлова, Бокина, Байқоңыров, Алаш көшесінің тұрғындары өз аумақтарына қоғамдық көліктің қатынамайтыны жайлы айтылған. Бұл бойынша өзім қалалық әкімдіктегі жауапты мамандарға, яғни тұрғын ұй комуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Серік Төкенұлымен тұрғындарды кездестіруді ұйымдастырдым. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші жерде қалмай, қала бойынша жүріп жүрген қоғамдық көліктердің бағыты ауысып, алдағы уақытта автобустар жоғарыда аталған көшелермен жүретін болады.

 

 

Дата публикации
27 июня 2024