№ 7 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты С.М. Жакупова Мәңгілік Ел көшесіндегі № 3 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар көтерген үйді жөндеу және үйге қызмет көрсету, ауланы абаттандыру мәселелері тиісті қызметтердің орындауына қабылданып, депутаттың бақылауына алынды. Кездесуге мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қатысты.