Қалалық мәслихаттың төрағасы Қ.Балмағамбетов 23 мамырда өткен № 11 сайлау округіндегі Абай 15/1 үйдің тұрғындарымен кездесуінде депутаттық корпустың жұмысы туралы баяндағаннан кейін, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап, талқылады. Кездесуге қатысқан «Самға Тазалық» өкілдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы бөлімдері қызметкерлерімен бірге көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.