«Депутат күнделігі» жобасы аясында мәслихат төрағасы Қайрат Балмағамбетовпен Ерден көшесі 163 үйдің тұрғындарымен кездестім.
Тұрғындар тарапынан көптеген өзекті мәселе көтерілді. Оның ең бастысы, әрі маңыздысы үйдің төбесі. 5 қабат тұрғындары еріген қардың, жаңбыр суының үйге, подъезге ағуына байланысты, үйлерін тастап кетуге мәжбүр екен.
Былтыр әкімдікке өтінішпен хатта жазылыпты.
Өткен жылдан бері тұрғын үйлердің төбелерін бюджет есебінен жөндеу бойынша бағдарлама іске асуда. Алайда, қаладағы барлық үйдің төбесін бірден жөндеу мүмкіндігі жоқ.
Бүгінгі кездесуге келген әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы бөлімі, келер жылдың тізіміне қосып қойды.
Бұл сұрақ мәслихат депутаттарының ерекше назарында болады.
Сонымен қатар, тұрғындар балалар алаңының, кіреберістің төбесі жайлы айтып өтті. Аталған үйге қызмет көрсететін мекеме мен ТКШ бөлімі өздеріне қатысты сұрақтарды жазып алды.