ДЕПУТАТ КҮНДЕЛІГІ: Дәулет Сейтпековтың Наурыз көшесі 152 үйдің тұрғындарымен кездесуі

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат депутаттары мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы хабарлау және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешу жолдарын қарастыру үшін өз округтерінде сайлаушыларымен кездесулер өткізуде.

📌Депутат Дәулет Сейтпековтың Наурыз көшесі 152 үйдің тұрғындарымен кездесуі.

Құрметті сәтбаевтықтар!

Маған қарасты №5 округте жасалатын жұмыстар, өзекті мәселелерді әлеуметтік желіде ашық көрсету мақсатында «Депутат күнделігі» атты жобаны бастап отырмыз.

Бүгін Наурыз көшесі №152 үйдің тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын әкімдікпен бірлесіп қарастыратын боламыз.

Тұрғындар тарапынан;
⭕️жертөле;
⭕️үйдің төбесі;
⭕️жарықтандыру;
⭕️балалар ойын алаңы;
⭕️тоқтың жағдайы секілді сұрақтар көтерілді.

Аталған сұрақтар бойынша ертең тұрғын үй инспекциясы бөлімі арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізетін болады.
Шешімдерін қосымша желіде жариялайтын боламын.

               

 

 

Дата публикации
27 июня 2024