Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Зандарына сәйкес қала әкімдігінің қаулысы негізінде есепке алу құрылғыларының деректерді беру функционалдығын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітілген болатын. Комиссия қатарында
“Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы”ММ басшысы; комиссия төрағасы Алмас Жандарбеков және келісім бойынша қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бар.
Осы комиссия мүшелері 14 сәуірде жиналып қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде
орнатылған есепке алу аспаптарына тексеру жүргіздік. Оған себепте жоқ емес, соңғы уақыттарда тұрғындар тарапынан шағымдар жиілеп кеткен. Олардың айтуынша ыстық су мен суық суға айсайынғы төлемдері мөлшерден тыс артып кеткен. Аталмыш жағдаймен толықтай танысып, бүгін комиссия мүшелерімен арнайы отырыста ұйымдастырылды. Алдағы уақытта тұрғындар шағымы ескерусіз қалмайды, кемшіліктер жауапты мекеме тарапынан кеткен болса, олқылықтардың орынын толтырту үшін оларға қандайда бір шара қолдану бағытындағы жұмыстар жасалатын болады.