Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

 

  К. Балмагамбетов

Дата публикации
26 июня 2024