Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

 

Сәтбаев қаласы                                             № 121                                 2024 жылғы 10 маусым

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 12 999 382 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 553 610 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 45 427 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 88 976 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 3 311 369 мың теңге;

  • шығындар – 16035 603 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 4 938 235 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 4 938 235 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 951 007 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 987 228 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

Дата публикации
20 июня 2024