Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 124 2024 жылғы 10 маусым
«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы 38 сессиясының № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының округтік сайлау комиссиялары мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы 2024 жылғы 14 мамырдағы № 3 шешімі негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 257 шешіміне осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов