Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 114 2024 жылғы 13 наурыз
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 84 «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
салықтық түсімдер бойынша – 9 553 610 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 45 427 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 88 976 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 3 436 782 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 951 007 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 987 228 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов