Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
- кірістер – 12 725 587 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 9 184 760 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 45 427 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 58 618 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 3 436 782 мың теңге;
- шығындар – 11 774 580 мың теңге;
- таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
- бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
- бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 951 007 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 951 007 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
- 2024 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 75 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша – 75 пайыз.
- 2024 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- 2024 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 2 316 533 мың теңге сомасында ескерілсін.
- Жергілікті атқарушы органның 2024 жылға арналған резерві 156 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
- Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов