Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бекітілсін.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 30 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы
|
|
К. Балмагамбетов
|