Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 240 «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
салықтық түсімдер бойынша – 7 654 130 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 42 141 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 87 569 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 5 575 398 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
қарыздар түсімдері – 2 067 758 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 575 264 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов