Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға

арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 240 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

ШЕШТІ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 11 299 178 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 601 381 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 40 802 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 82 569 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 4 574 426 мың теңге;

  • шығындар – 12874 442 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 575 264 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 575 264 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 575 264 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«5. Жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резерві 15 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 ноября 2023