Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы

мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының аумақтық және 28 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 9 қарашадан 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).        

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында "Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаты болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма күндері сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты

Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы – Балмағамбетов Қайрат Маратұлы.

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108.

Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, бас маман, жұмыс тел. (871063) 3-50-72,  электрондық почта мекен-жайы:  satp_maslihat@krg.gov.kz.

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының және 28 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясы: Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 каб.65, қалалық ұйымдар ғимараты, 7 мүше

 

Учаскелік сайлау комиссиялары – 28

№

 

Сайлау комиссиясының нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің

 (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің  орналасқан жерінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

8

1

№ 281

«№ 5 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы 

Бабыр би көшесі 

 

5

ғимарат 

7

2

№ 282

«№ 5 жалпы білім беретін  мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Бабыр би көшесі

5

ғимарат

7

3

№ 283

«№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Наурыз көшесі

5

ғимарат

7

4

№ 284

«№ 27 жалпы білім беретін  мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Наурыз көшесі

7

ғимарат

7

5

№ 285

«№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Жеңіс көшесі

17Б

 ғимарат

7

6

№ 286

«Сәтбаев қаласындағы мамандырылмаған  балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК

Сәтбаев қаласы

Тәуелсіздік даңғылы

28

ғимарат 

7

7

№ 287

Сәтбаев индустриалдық колледжі

Сәтбаев қаласы

Әубәкір Құсайынов 

 көшесі

23а

ғимарат

7

8

№ 288

 «Қазақстан халқы рухани, қоғамдық, және ұлтаралық келісім орталығы» КММ

Сәтбаев қаласы

Әубәкір Құсайынов көшесі

8

ғимарат

7

9

№ 289

«Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясы» КММ

Сәтбаев қаласы

Наурыз көшесі

144

ғимарат

7

10

№ 290

«Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясы» КММ

Сәтбаев қаласы

Наурыз көшесі

144

ғимарат

7

11

№ 291

«Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі» КММ

Сәтбаев қаласы,

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

114А ғимарат

7

12

№ 292

«Шынболат Дильдебаев атындағы  кеншілер Сарайы» КМҚК

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

106

ғимарат

7

13

№ 293

«Шынболат Дильдебаев атындағы кеншілер Сарайы» КМКҚ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

106

 ғимарат

7

14

№ 294

«№ 25 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Мәңгілік Ел көшесі

12А

ғимарат

7

15

№ 295

«Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

139

ғимарат

7

16

№ 296

«С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ

Сәтбаев қаласы

Мәңгілік Ел көшесі

11А

ғимарат

7

17

№ 297

 «Ыбырай Алтынсарын атындағы мектеп-лицейі»  КММ

Сәтбаев қаласы

Мәңгілік Ел көшесі

11

ғимарат

7

18

№ 298

«Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі» КММ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

114А

ғимарат

7

19

№ 299

«Балалар өнер мектебі» КМҚК

Сәтбаев қаласы

Абай Құнанбаев көшесі

67А

 ғимарат

7

20

№ 300

«Лекерова» ЖШС

Сәтбаев қаласы

Ерден көшесі

199

 ғимарат

5

21

№ 301

«Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Ерден көшесі

217

ғимарат

7

22

№ 302

«№ 16 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

154

ғимарат

7

23

№ 303

«№ 16 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

154

 ғимарат

7

24

№ 304

«Қаныш Сәтбаев атындағы  жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы

139

 ғимарат

7

25

№ 305

«Сәтбаев қаласының емханасы» КМК

Сәтбаев қаласы

Абай Құнанбаев көшесі

5

ғимарат

7

26

№ 306

«Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Сәтбаев қаласы

Ерден көшесі

217

 ғимарат

7

27

№ 307

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМҚ ЖБ ЖП

Сәтбаев қаласы 

Ұлытау

көшесі

 110

 ғимарат

5

28.

№ 308

«Сәтбаев қалалық №1 орталық емханасы» КММ

Сәтбаев қаласы

Әубәкір Құсайынов көшесі

9 ғимарат

5

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты

 

                                                                                               

                                                                     

Дата публикации
09 ноября 2023