Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 48 «Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешімі

 

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                 № 48                  2023 жылғы 11 қыркүйек

 

«Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/47 шешімімен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларына сәйкес және қала әкімінің 2023 жылғы 07 қыркүйектегі ұсынысы негізінде Республика күніне орай Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағы берілсін:

1) Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Батыс Жезқазған кенішінің бригадирі Макишев Тұрсынбек Шамбылұлына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқаны үлесі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін;

2) Ардагер ұстаз, Сәтбаев қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Садуақасова Тұрсынбикеге аймақтың рухани әлеуетін дамытудағы жетістіктері және қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны үшін. 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

Дата публикации
15 сентября 2023