Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 25 2023 жылғы 07 маусым
2022 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы қала әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
2022 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 17 160 072 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 313 749 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 29 159 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 66 150 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 10 751 014 мың теңге;
2) шығындар – 17 771 400 _ мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 611 328 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 611 328 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 611 328 мың теңге.
Қаржы жылының басына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 0 мың теңге.
Есептегі мерзімнің соңына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары –
1 575 781,7 мың теңге.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов