Қалалық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

 

 

Қалалық мәслихаттың

2021 жылғы 23 желтоқсандағы

23-сессиясының № 152 шешіміне

қосымша

Қалалық мәслихаттың 2022 жылға арналған  жұмыс жоспары

    I тоқсан

  1. Сәтбаев қаласында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуы туралы.
  2. Қалалық мәслихат хатшысының 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.

    ІІ тоқсан

  1. 2021 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс және Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы.                                      

     ІІІ тоқсан

  1. Cәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
  2. Қаланың автокөлік жолдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігі туралы.
  3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

     IV  тоқсан

  1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
  2. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының атқарған жұмысы туралы есебі.
  3. Қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
План работы городского маслихата на 2022 год
Дата публикации
29 ноября 2022