Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесін отырысқа дайындау мақсатында кеңес мүшелері аталған бөлімдерде болып, атқарылу барысымен танысты. Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 17 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 2 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды. Кеңес мүшелерімен «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқаратын жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Қарау нәтижесінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын күшейту, жол белгілерін жаңарту ағымдғы жол жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау туралы ұсынымдар беріліп,шешім қабылдау үшін алынды. Есепті кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі мәселесі бойынша қаралатын болады бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүзеге асырылды. Сондай ақ, кеңес мүшелері қала әкімдігі жанында құрылған қоқыс шығар, абаттандыру және скверлердің жай-күйін тексеру, кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру, сәулет, құрылысы талаптары және жарнамаларды орналастыру қағидаларын сақтау, мемлекеттік мекеме тарапынан берілетін тұрғын үйлерге бақылау мобилді топтарының құрамында апта сайынғы бақылауларға қатысады. Мониторинг кезінде туындаған сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қатысуымен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге жеткізіледі. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері келесі қалалық комиссиялардың құрамына кіреді:
Кеңес төрағасы мен мүшелеріне қаланың өзекті мәселелеріне қатысты әлеуметтік желілер арқылы және ауызша өтініштер келіп түседі. Түскен өтініштер тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылып, тиісті ұсыныстар әзірленеді. Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ жарияланды, қалалық «Ақшам» телеарнасында есепті кезеңде 3 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 3 материал жарияланды. Сондай-ақ, ақпарат Сәтбаев қаласының мәслихатының интернет-ресурстарында және KazKenes сайтында орналастырылады, есепті кезеңде материал орналастырылды, Facebook әлеуметтік желісінде 13 материал жарияланды.