Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отрыған Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов

 

 

 

Дата публикации
31 августа 2026