Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі 43 сессиясының № 387 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген);

2) «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі 3 сессиясының № 387 «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде             № 30-20 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                 

Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

 

 

К. Балмагамбетов

 

 

 

Дата публикации
04 июня 2026