«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

 

Сәтбаев қаласы                               № 274                  2026 жылғы 30 сәуір

 

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының   2023 жылғы 26 желтоқсандағы           11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 4 және 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 5 шешімдері негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 87 шешіміне осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                   Қ. Балмағамбетов

 

 

Дата публикации
08 мая 2026