Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті. Кездесуге VIII шақырылымының облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, VIII шақырылымның аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат аппаратының және аудан әкімі аппаратының басшылары мен қызметкерлері және аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі VIII шақырылым депутаттарының атқарған жұмыстарына тоқталып, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықтың талап-тілегін орындау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілгенін, қоғамдық саяси салаларында шаралардың жүзеге асуына және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қосқан үлестерін атап өтті. Ел игілігі жолындағы еңбектері мен игі істері үшін VIII шақырылымның депутаттары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
VIII шақырылымының облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, VIII шақырылымның аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков және бірқатар мәслихат депутаттары ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді.
Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұратындығы баршамызға аян.
Сол жетістік пен жаңалықты ашатын адамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол - ұстаз. Елімізде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылып келеді. Білім берудің жаңа инновациялық даму жүйесі қалыптасуда. Бұл ел ертеңі, ұлт болашағы - жастарға жасалған қамқорлық.
Ағымдағы жылы 6 қазан күні Мұғалім күні кәсіби мерекесіне орай Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков және аудандық мәслихат депутаттары ұстаздармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы маңызды рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріне құрмет білдірілді. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың білім саласына қосқан өлшеусіз еңбектерін айрықша атап өтіп, алғыс білдірді.
Құттықтаудан соң, мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін және кәсіби мерекеге орай білім саласының мамандарын Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады.
Білімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын. Ұстаздарымызға жаңа бастамаларда сәттілік, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін игі қызметтеріне табыс тілейміз. Жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз.
Бала біздің болашағымыз, жас ұрпақ тәрбиесінде мектеп пен ұстаздың алар орны ерекше. Балалардың мектепте алған рухани азығы олардың алдағы өмір жолына бағыт-бағдар бермек. Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұратындығы баршамызға аян. Сол жетістік пен жаңалықты ашатын адамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол - ұстаз.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бері елімізде талай жасампаз жобалар, жаңа бастамалар қолға алынды. Бұл жетістіктер өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі. Мұғалім мамандығы даналық пен жастықтың отын, шығармашылық пен күш-қуатты, мейірімділік пен қаталдықты үйлестіреді.
Мемлекет басшысы ұстаздар қауымына әрқашан зор құрмет көрсетіліп, олардың мәртебесі қашанда биік болатынын ерекше атап өтеді. Ұстаздар шәкірттеріне қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулиды, табандылықпен еңбек етіп, биік мақсаттар қоюды үйретеді. Мұғалімнің еңбегі қадірлі, әрі жауапты.
Елімізде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылып келеді. Білім берудің жаңа инновациялық даму жүйесі қалыптасуда. Бұл ел ертеңі, ұлт болашағы - жастарға жасалған қамқорлық. Еліміздің ертеңгі болашағы - жас жеткіншектердің тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі әрқашанда шынайы құрметке лайық.
Ұстаздарымызға жаңа бастамаларда сәттілік, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін игі қызметтеріне табыс тілейміз. Білімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын
Елімізде техникалық және кәсіби білімге басымдық берілуде. Экономиканың кез-келген саласы техникалық мамандықсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Жұмысшы мамандықтардың алатын орны ерекше.Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосып жүрген жұмысшы мамандықтар. Жұмысшы мамандықтарын қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Ауданымыздажұмысшы мамандықтар бойынша білім беру сапасын арттыру, жастарды кәсіптік бағдарлау және еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіліп, техникалық және кәсіптік білім беру саласы дамып келеді.Бұл мамандықтар қазіргі заманғы өндіріс пен қызмет көрсету саласында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, бұл мамандықтарды меңгерген жастар үшін болашақта зор мүмкіндік бар.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Экономиканы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру, қазақстандық құндылықтарды нығайту жолында жасалып жатқан шаралардың барлығы - жастардың кемел болашағына бағытталған. Білімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсынЕліміздің қарыштап дамуына өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатындарына, еліміздің іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болады деген сенімдіміз.
Ауданымыздың кәсіптік білім беру оқу орындарына техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін нығайту мен еңбек нарығы үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған жұмыстарға табыс тілейміз.
1 қазанҚарттар күні, мейірім мен ізгілік мерекесі
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Қарттар күні - еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен аға-апаларымыздың төл мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аға буын мен қарттарға ерекше құрмет көрсетуді жалпыұлттық құндылықтардың бірі ретінде әрдайым атап өтеді. Қариясы бар ел - қазыналы ел. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу. Қарттарымыз - әр шаңырақтың тірегі, қиын-қыстау заманда ел үшін аянбай еңбек етті.
Ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы - өнеге мен тағылым мектебі, ерен еңбектері ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қарт кісіні құт-береке деп тану, ол - ұрпақтың көрегендігі. Қарияларымыз әрқашанда құрметке лайық, әрбірінің еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектері зор, өмірлері шуақты болып, күш-қуаттары сарқылмасын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.
Ағымдағы жылы 1 қазан күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 63-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №48-2 және Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №49-2 шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.
Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 63-ші сессиясы 2026 жылдың 1 қазан күні сағат 09.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
КҮН ТӘРТІБІ
1. Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №48-2 жәнеСарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №49-2 шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Әртүрлі.
Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта 2026 жылдың 1 қазан күні сағат 08.30-да басталады.
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 1 қазан күні сағат 08.00-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихат аппараты
САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ
«Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік саулау комиссяларының құрамын қалыптастыру туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 39-2 және «Аумақтық жане учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешімдерімен бекітілген округтік, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылға 28 қыркүйектегі №17 шешіміне, 2026 жылғы 3 тамыздағы №13 және 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №18 шешімдеріне сәйкес округтік, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау үшін бос орындарға комиссия құрамдарына жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 28 қыркүйектегі 12 қазан (15 күнтізбелік күн) аралығында аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) Кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініш (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады);
4) Сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынушы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Аудандық мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон номері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 13 қазанына дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:30 дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-14:30 аралығы.
Байланыс телефондары 8 (726-34) 6-20-25, 6-26-80, 6-33-90 факс
Аудандық мәслихат депутаттары зерделеу жұмыстарын Түркістан, Жаңарық ауылдық округтерінде жалғастырды.
Түркістан ауылдық округінің әкімі Дүйсенәлі Борсықов мәслихат депутаттарына ауылдық округте атқарылған шаралар, сонымен қатар атқарылып жатқан және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ, зерделеу барысында жаңадан салынған мал тоғыту арнайы орнының, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан балабақша ғимаратының, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында қолданысқа берілген өрт сөндіру бекетінің жағдайымен таныстырды. Жаңадан ашылған бекет заманауи талаптарға сай жабдықталған. Өрт сөндіру көлігімен және өзге де құрал-жабдықтармен қамтылған. Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекету тиімділігін арттыруға, өрттен қорғауға бағытталған маңызды нысан. Жаңадан бой көтерген ғимарат өрт сөндірушілердің кәсіби қызметін тиімді әрі қауіпсіз атқаруына зор ықпал ететіндігіне сенім білдіреміз.
Жаңарық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Исаев ауылдық округте атқарылған шаралар, сонымен қатар атқарылып жатқан және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндап, бірқатар нысандардың жағдайымен таныстырды.
Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат аппаратының басшысы мен мәслихат аппаратының жауапты мамандары Жаңатас қаласының әкімдігі мен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Төлебаев, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәурен Шалбаев мәслихат депутаттарын атқарылған және жоспарланған жұмыстар мен таныстырды.
Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары қала әкімінің міндетін атқарушыға бюджеттік жобаларға сәйкес ағымдағы жылы шаһар аумағында алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстардың, оның ішінде саябақтарды абаттандырып, балалар ойын алаңшаларын орнату басқа да мердігерлердің тарапынан атқарылатын шаралардың сапасы мен кепілдеме мерзімін бақылауға алып қажеттігін айтты. Сондай-ақ, қала ішінде қараусыз жүрген мал иелерін тиісті заңнама аясында жауапқа тарту бойынша жұмысты жандандырып, қаланың санитарлық тазалығын сақтау жөнінде тұрғындар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қаланың кескін-келбетін көркейту бағытында жоспарланған шараларды жіті қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығының қызметін тұрғындар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жандандыру, басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.