
2024 жылдың 11 желтоқсан күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Е.Ермағанбетов және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Ш.Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған «2024-2026 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №19-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттары тарапынан мақұлданып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.
Сарысу аудандық мәслихат аппараты