Байқадам ауылдық округіне депутаттық сапар

Байқадам ауылдық округіне депутаттық сапар

Қазан айының 27 жұлдызы күні Байқадам ауылында жүргізілген құрылыс нысандарына аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлы, ауыл әкімі және де ауыл белсенділерімен бірге салынған құрылыс нысандарын аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз.

Тұрғындардан түскен өтініштер:

ЖАСТАР стадионын ауыл теңгеріміне қайтару туралы мәселе.

Ықылас Дүкенұлының кесенесіне жөндеу жұмыстары толығымен аяқталмауы, созылуы.

Ауылдағы балаларға арналған спорттық нысандардың сапасыз жүргізілгені бойынша өтініштерін ескеріп, алдағы уақытта депутаттық бақылауда болатыны айтылды.

Құрылысқа сұраныс өскен сайын ұсыныста арта түседі. Алайда, сенімсіз мердігерлер тұрғындардың сеніміне қауіп ұялатады.