Аудандық мәслихаттың кезекті 36-шы сессиясының күн тәртібіндегі «Байқадам және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есептері» мәселесін зерделеу мен жағдайын анықтау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық мәслихат аппараты қызметшілері енген жұмысшы тобы құрылды.
Арнайы жасалған жұмыс жоспарға сәйкес жұмысшы топ мүшелері ағымдағы жылдың қазан айында арнайы жасақталған жадынама бойынша Байқадам және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің және осы елді мекендердегі мектеп, бала-бақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет нысандары, полиция инспекторларының жұмыстарымен танысты.